Жамбыл облысының экономикасына соңғы үш жылда 764,5 миллиард теңге инвестиция тартылды
© Сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі
Соңғы үш жылда Жамбыл облысының экономикасына 764,5 миллиард теңге инвестиция тартылып, өңір республикадағы инвестициялық өсімі жоғары аймақтардың қатарына қосылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Биылғы жылдың алғашқы төрт айында жалпы құны 143 миллиард теңгені құрайтын төрт жоба іске қосылып, 920 жаңа жұмыс орны құрылды. Бұл туралы облыс әкімі Ербол Қарашөкеев Меркі ауданындағы "ЭкоФерма" құс шаруашылығы кешенінің құрылысын бастау рәсімінде айтты.
Облыс әкімінің сөзінше, жыл соңына дейін өңірде тағы 47 инвестициялық жобаны пайдалануға беру жоспарланып отыр. Нәтижесінде 2 700-ден астам адам тұрақты жұмыспен қамтылады.
"Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес өңір экономикасын әртараптандыру, инвестиция тарту және жаңа өндіріс орындарын ашу бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Бүгінде Жамбыл облысында өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, жаңартылатын энергия көздері және өңдеу салаларында бірқатар ірі жоба жүзеге асырылуда. Бұл өңірдің экономикалық әлеуетін арттырып қана қоймай, халықтың әл-ауқатын жақсартуға мүмкіндік береді", – деді Ербол Қарашөкеев.
Іс-шара барысында облыс әкімі "ЭкоФерма" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмыртқа бағытындағы құс шаруашылығы кешенінің іргетасын қалау рәсіміне қатысты.
Жобаның жалпы құны 1 миллиард теңгені құрайды. Қаржыландыру толықтай инвестордың жеке қаражаты есебінен жүзеге асырылуда. Жалпы аумағы 4 гектарды қамтитын кешеннің алғашқы кезеңінде 20 мың бас тауық өсіріледі. Кейін өндірістік қуаты 100 мың басқа дейін ұлғайтылып, жылына 30 миллион дана жұмыртқа өндіру жоспарланған.
Жоба аясында бір тауықтан жылына орта есеппен 300-320 жұмыртқа алу көзделіп отыр. Кәсіпорын толық іске қосылғаннан кейін 20-25 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.
Жоба жетекшісі Бақыт Көкебаевтың айтуынша, жаңа кешен өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, отандық өнім көлемін арттыруға және ауыл шаруашылығы саласының дамуына елеулі үлес қоспақ.
Салтанатты рәсімде ауыл ақсақалы Белгібай Айнақұлов ақ батасын беріп, жаңа бастаманың берекелі болуына тілектестік білдірді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:57, 19 маусым 2026
МКК салық төлеушілерге жүгініп, маңызды мәлімдеме жасады
-
21:40, 19 маусым 2026
«Аптап ыстық, жаңбыр, бұршақ». Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды
-
21:13, 19 маусым 2026
Ақтөбеде Әкелер күніне арналған «Менің әкем» мерекелік бағдарламасы өтті
-
20:15, 19 маусым 2026
Тоқаев Польша Сенатының маршалын қабылдады
-
20:09, 19 маусым 2026
Астанада Алматы көшесінің бір бөлігі жыл соңына дейін уақытша жабылады









