600 доллар ұсынған: Алматы облысындағы кортеждің тағы бір қатысушысы ұсталды
© Сурет: polisia.kz
Алматы облысында полиция қызметкерлері жол ережесін өрескел бұзып, басқа жол қозғалысына қатысушыларға қауіп төндірген кортеждің тағы бір қатысушысын анықтап, жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Алматы қаласының 22 жастағы тұрғыны Диас Әділбековтің Шымкент қаласында жүргені анықталды.
Сот шешімімен ол 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды.
Анықталғандай, Диас Әділбеков негізгі көліктің соңынан бірінші болып жеткен жүргізушіге 600 АҚШ доллары көлемінде сыйақы ұсынған. Кейін кортеж қатысушылары жалпы пайдаланымдағы жолдарда жол қозғалысы ережесін өрескел бұзып, азаматтарға қауіп төндірген.
Бұған дейін полиция қызметкерлері осы дерек бойынша кортеждің басқа да қатысушыларын анықтап, оларды жауапкершілікке тартқан еді.
Полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтау және кінәлі тұлғаларды заңда белгіленген жауапкершілікке тарту бойынша жұмысты жалғастырады.
Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында жол ережесін өрескел бұзған жүргізушілер жазаланған еді. Әлеуметтік желілерде жарияланған бейнежазбаны зерделеу барысында той кортежіне қатысушылардың жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғаны және жолда авариялық жағдай туғызғаны белгілі болды. Полиция құқық бұзушылыққа қатысы бар барлық жүргізушіні анықтады. Негізгі үш құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК-нің бірнеше бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олар — Toyota Land Cruiser автокөлігінің жүргізушісі Айдос Ногай, ВАЗ автокөлігінің жүргізушісі Ринат Оналбеков және Mercedes-Benz автокөлігінің жүргізушісі Дамир Ихан. Үшеуі де Қарасай ауданының тұрғындары.Сот шешімімен олардың әрқайсысына 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:03, 6 қазан 2026
Тоқаев Еуропа конвенциясын ратификациялау туралы заңға қол қойды
-
20:00, 6 қазан 2026
Қар, көктайғақ және екпіні күшті жел: 7 қазанда қай өңірлерде ескерту жасалды
-
19:48, 6 қазан 2026
Үндістанда жыртқыш үйге кіріп, алты адамды жарақаттады
-
19:38, 6 қазан 2026
Биыл көлік полицейлері 385 келі есірткі тәркіледі
-
19:16, 6 қазан 2026
Ирландия теңізінің үстінде ұшақ апат дабылын берді





