Қазақстанда бірден екі вице-министр қызметінен босатылды
© Фото: freepik
2026 жылғы 5 қазанда Қазақстан Үкіметінде кадрлық өзгерістер болды. Бірден екі вице-министр атқаратын қызметінен босатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР Үкіметінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Айдар Әбілдабеков Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министрі қызметінен босатылды.
Ол әр жылдары кәсіпкерлікпен айналысып, кеден органдарында және статистика жүйесінде жұмыс істеген. 2025 жылғы тамызда Сауда министрлігінің вице-министрі болып тағайындалғанға дейін Сауда комитетін басқарған.
Осындай кадрлық шешім Төтенше жағдайлар вице-министрі қызметін атқарған Батырбек Әбдішевке қатысты да қабылданды.
Әбдішевтің мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі 20 жылдан асады. Ол әр жылдары арнайы мемлекеттік органдарда және ҚР ҰҚК-де қызмет атқарған. Төтенше жағдайлар вице-министрі қызметін 2024 жылғы сәуірден бері атқарып келген.
Кадрлық шешімдердің себептері және ведомстволардағы бос қызметтерге кімдердің тағайындалатыны әзірше хабарланған жоқ.
Еске салайық, бұған дейін Марғұлан Аманбаев ҚР ТЖМ аппаратының басшысы болып тағайындалғанын хабарлаған едік.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:51, 5 қазан 2026
Домофонды ауыстыруды ұсынған: Ұлытау облысында зейнеткер 7 млн теңгесінен айырылып қала жаздады
-
21:50, 5 қазан 2026
Марғұлан Аманбаев ҚР ТЖМ аппаратының басшысы болып тағайындалды
-
21:39, 5 қазан 2026
БҚО-да алты жылқы ұрлаған екі күдікті ұсталды
-
21:06, 5 қазан 2026
Қарағандыда студенттерге жоқ пәтерлерді ұсынып, 2,2 млн теңгеден астам ақша алған әйел ұсталды
-
20:50, 5 қазан 2026
Детектив жанры қазақ әдебиетіне қалай келді және оның басында кім тұрды





