Үндістанда жыртқыш үйге кіріп, алты адамды жарақаттады
© Фото: zakon.kz
Үндістанның Чхаттисгарх штатында қабылан бір отбасына шабуыл жасап, үйге кіріп, алты адамды жарақаттады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жыртқышпен алғаш болып 55 жастағы Уттарибай Ядав кездескен. Әйел дәретханаға бару үшін далаға шыққан кезде қабыланға тап болған. Жануар оны жарақаттап, кейін үйге кіріп, оның туыстарына шабуыл жасаған. Бұл туралы Times of India басылымы жазды.
Отбасы мүшелері жыртқышты бөлмелердің біріне қамап, өздері үйден қашып шығып үлгерген. Содан кейін көмек шақырған. Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен орман шаруашылығы департаментінің мамандары келген. Бірнеше сағаттан кейін олар қабыланды ұстап, басқа жерге алып кеткен.
Зардап шеккен алты адамның барлығы ауруханаға жеткізілді. Үш адамның жарақаты ауыр болғандықтан, олар штат астанасына ауыстырылды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:03, 6 қазан 2026
Тоқаев Еуропа конвенциясын ратификациялау туралы заңға қол қойды
-
20:00, 6 қазан 2026
Қар, көктайғақ және екпіні күшті жел: 7 қазанда қай өңірлерде ескерту жасалды
-
19:38, 6 қазан 2026
Биыл көлік полицейлері 385 келі есірткі тәркіледі
-
19:22, 6 қазан 2026
600 доллар ұсынған: Алматы облысындағы кортеждің тағы бір қатысушысы ұсталды
-
19:16, 6 қазан 2026
Ирландия теңізінің үстінде ұшақ апат дабылын берді





