Қасым-Жомарт Тоқаев Оман Сұлтанын ресми қарсы алды

12:11, 6 қазан 2026
MKZ: 1570764

© Сурет: akorda.kz

Тәуелсіздік сарайында Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саидты ресми қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың баспасөз қызметі берген ресми ақпаратқа сай, салтанатты рәсім барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Хайсам бен Тариқ Әл Саид бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.

Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт бергеннен кейін Президент оркестрі Қазақстан мен Оманның мемлекеттік әнұрандарын орындады.

Ресми қарсы алу рәсімінен соң мемлекет басшыларының келіссөзі басталды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!