Қазақстанның алты облысында ауа райы күрт нашарлайды: жүргізушілерге ескерту жасалды

10:52, 6 қазан 2026
MKZ: 1570737

© Фото: Zakon.kz

Сейсенбі, 2026 жылғы 6 қазанда Қазақстанның алты облысында жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болуы мүмкін. Осыған байланысты "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін сақтауға шақырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қолайсыз ауа райы Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Жетісу облыстарында күтіледі.

"Жүргізушілер жылдамдық режимі мен қауіпсіздік ережелерін сақтап, жолдарда ауа райының нашарлауын ескеруі қажет", – делінген компанияның ресми мәлімдемесінде.

Көлік министрлігі қолайсыз ауа райы республикалық маңызы бар және жергілікті жолдардағы жағдайға әсер етуі мүмкін екенін хабарлады.

"Мұндай кезде жолдағы жағдай күн ішінде өзгеруі мүмкін. Температура төмендегенде ылғал жол жабыны тайғақ болып, ал жауын-шашын мен тұман жолдың көрінуін нашарлатуы ықтимал. Сондықтан жүргізушілер қауіпсіз жылдамдықты таңдап, арақашықтықты сақтауы және күрт маневрлерден аулақ болуы маңызды", – деп мәлімдеді ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі.

Жүргізушілерге мынадай кеңестер берілді:

  • Сапарға шықпас бұрын жүретін бағыттағы ауа райы болжамы мен жол жағдайын біліп алу;
  • Жолға шығатын уақытты таңдағанда ауа райын ескеру;
  • Жылдамдық режимі мен қауіпсіз арақашықтықты сақтау;
  • Көпірлерде, жол өткелдерінде және жолдың ашық учаскелерінде аса мұқият болу;
  • Ауа райы күрт нашарлаған жағдайда мүмкіндігінше сапарды кейінге қалдыру.

Бұған дейін Қазақстанның бірқатар өңірінде 2026 жылғы 6 қазанға дауылды ескерту жарияланғаны хабарланған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!