12 ағашты жайпап, шұңқырға құлаған: Алматыда жол апатынан кейін жүргізуші ауруханаға жеткізілді

18:00, 22 қаңтар 2026

© Сурет: Zakon.kz

Алматының Алатау ауданында бүгін, 2026 жылғы 22 қаңтарда жол-көлік оқиғасы болды. Апат салдарынан Chevrolet Cobalt автокөлігінің жүргізушісі ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға орнында жүрген Zakon.kz тілшісінің хабарлауынша, жол апаты Индустриялық аймақта, Сайын даңғылының маңында болған.

Сурет: Zakon.kz

Сурет: Zakon.kz

Куәгерлердің айтуынша, Chevrolet Cobalt көлігінің жүргізушісі Индустриялық аймақ көшесімен батыс бағытта қозғалып келе жатып, рөлге ие бола алмаған. Әйел адам қарсы қозғалыс жолағына шығып, оны және арықты кесіп өтіп, кейін далаға ұшып кеткен. Одан кейін шамамен 12 ағашты қағып, автокөлік төбеге көтеріліп, еңісімен 100 метрге жуық жүрген. Содан соң, болжам бойынша, жүргізуші қайтадан жолға шығуға тырысқан, алайда жолында қазылған шұңқыр болып, көлік соған құлаған.

Сурет: Zakon.kz

Сурет: Zakon.kz

Жол-көлік оқиғасы салдарынан әйел адам ауыр жарақат алып, ауыр жағдайда жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.

Қазіргі уақытта оқиға орнында анықтаушы мен жол полициясының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Олар апаттың барлық мән-жайы және оның себептері анықталады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!