Қыздар қандай сыйлық қалайды?
Наурыз айы келді дегенше, сыйлық пен гүл айы басталды дей беріңіз. Себебі бұл қыз-келіншектердің көптен күтетін, жігіттер қауымы аздап әуре-сарсаңға түсетін ай. Олар аяулы анасына, сүйікті әпке-қарындасына, сүйген қызына не сыйларын білмей уайымға салынғанымен, ол сыйлықтың көңілінен шығып, қуанғанын көру олар үшін бірінші орында. Алайда осы қуанышқа кенелу үшін қыздар қауымы қандай сыйлық жақсы көретін біле жүріңіз.
Тосын сый

Тосын сыйды ұнатпайтын адам кемде-кем шығар. Ал тіпті қыздар қауымы өз мерекесінде сүйіктісінен күтпеген тосын сый күтеді. Яғни сіз жылдағы рәсім бойынша тек сыйлық беріп қуантып жүрсеңіз, бұл жолы сол сыйлығыңызды ерекше тосый сый жасап беруге болады. Алайда артық етемін деп, тыртық етіп алып жүрмеңіз. Мұны ойласқан түрде дайындықпен жасаған жөн.
Сүйікті гүлі

Қыздар қауымы үшін сүйіктісінен алған сүйікті гүлінің орны бөлек. Себебі гүлді жақсы көрмейтін қыз баласы жоқтың қасы. 1-2 апталық ғұмыры бар екенін білсе де, қыздар бұл сыйлықтан бас тарта алмайды. Сондықтан гүлдің жанына естелік болар бір дүниені қосып сыйласаңыз, ойын оқып қойған болуыңыз ғажап емес.



Қандай сыйлық болмасын оның пайдалы болғаны жөн. Себебі өзіңе өте қажет дүниені сыйлық ретінде біреу ұсынса, қуанғаннан бұрын тіпті таңғалатының анық. Алайда керекті дүниесін, талғамын біліп алмай бұл іске бас сұқпаңыз. Егер оның көзәйнек, қол сөмкесі немесе қол сағатын, мойын орағыш, туфли, көйлек, шаш бұйралағыш, жұмсақ ойыншық, күнделікті қолданатын ыдыс-аяқ, үй гүлі, фотоаппарат, ұялы телефон немесе сүйікті авторының кітабын алғысы келіп жүргенін білсеңіз, ойланбай сыйлық ретінде ала беріңіз.
Қыздар қауымының көңілін, қалауын табу қиын шығар. Алайда шын пейілден сатып алған сыйлығыңызға сыйақыңыз бен құрметіңіз сай болса, әйел затына одан басқа сыйлық қажет емес. Тіпті сыйлығыңыз болмаған жағдайда жүрек жібітер жылы сөздің өзі сыйлық екенін ұмытпағаныңыз абзал.
Дереккөз: massaget.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:26, 12 ақпан 2026
Booking платформасы әлемдегі ең қонақжай қалалардың тізімін жасады
-
14:33, 21 қаңтар 2026
Дене салмағының қалыпты деңгейі қатерлі ісік қаупін азайтады - дәрігер кеңесі
-
12:06, 20 қаңтар 2026
Археологтар 40 мың жыл бұрынғы құпия үңгірді тапты
-
13:42, 16 қаңтар 2026
Үнді мұхитынан жыланның жаңа түрі табылды
-
12:25, 15 қаңтар 2026
Лох-Несс құбыжығын іздеген зерттеуші 52 жылдық ізденістен кейін мәлімдеме жасады





