ІІМ пәтер ұрлықтарын ашты
© Сурет: ҚР ІІМ
Алматы облысында 2025 жылдың желтоқсан айынан бастап пластикалық терезелерді күшпен ашу арқылы ұрлық жасаған пәтер ұрылары құрықталды.
Қаскөйлер алтын бұйымдарды, ақша және басқа да құнды заттарды ұрлап, жалпы 21 миллион теңгеден астам шығын келтірген.
Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 20 наурызда криминалдық полиция қызметкерлері күдіктілерді ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Олардың тоғыз пәтер ұрлығына қатысы бары анықталды.
Пәтер ұрлығымен айналысқан тағы бір қылмыстық топ 24 наурызда Алматы облысы аумағында ұсталды. Олардың есебінде үш қылмыс бар.
Бұл топта 14 және 17 жастағы жасөспірімдер болған.
Тұрғын үйлерді қылмыстық әрекеттерден қорғау үшін ІІМ азаматтарға қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынады:
• сапалы құлыптары бар сенімді есіктерді орнату;
• төменгі және жоғарғы қабаттардағы терезелерге торлар қою;
• заманауи қауіпсіздік құралдарын пайдалану:дабыл, бейнебақылау жүйелері, сондай-ақ күзет ұйымдарының орталықтандырылған бақылау пультіне қосылу;
• әлеуметтік желілерде құнды заттар және олар қойылған жер туралы ақпарат жарияламау;
• ірі көлемдегі ақша мен зергерлік бұйымдарды қолжетімді жерлерде сақтамау.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:57, 6 сәуір 2026
Қазақстан Үкіметі ҚР Конституциясын түсіндіру бойынша іс-шаралар жоспарын бекітті
-
10:45, 6 сәуір 2026
Елордада жүк көліктеріне бақылау күшейтілді
-
10:29, 6 сәуір 2026
Қазақстанда БАДтар мен зергерлік бұйымдарға міндетті таңбалау енгізілмек
-
10:12, 6 сәуір 2026
Денсаулық сақтау министрлігі жаңа заманауи дәрілер сатып алады
-
09:51, 6 сәуір 2026
Қазақстанға сиыр еті мен құс етін әкелуге квоталар бөлінді





