Қазақстанда БАДтар мен зергерлік бұйымдарға міндетті таңбалау енгізілмек

10:29, 6 сәуір 2026

© Фото: pexels

Сауда және интеграция министрінің "Таңбалануға жататын тауарлар тізімін анықтау және оны енгізу мерзімі туралы" бұйрығы әзірленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Биологиялық белсенді қоспалар (БАД) – 2026 жылғы қыркүйектен бастап міндетті сандық таңбалауға енгізілмек;

Зергерлік бұйымдар – 2026 жылғы желтоқсаннан бастап таңбалау талап етіледі.

Міндетті таңбалауды енгізудің басты мақсаттары:

  • заңсыз айналым көлемін азайту;
  • салық жинауды арттыру;
  • нарықта тең бәсекелестік жағдайын жасау.

Бұйрық "Ашық нормативтік-құқықтық актілер" сайтында 2026 жылғы 20 сәуірге дейін қоғамдық талқылауға жарияланды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!