Эволюция теориясы
Адамзаттың миын ашытып, ақиқаттан, ғылым - білімнен адастыратын бір ілім бар. Ол біздегі барлық орта мектептерде жаппай оқытылып жатқан – «Дарвин ілімі». Қараңыз: ҚР Білім және ғылым министрлігі ұсынған жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған «Биология» (авторлары – М.Қ.Гильманов, Л.Ү.Әбшенова, А.Р.Соловьева, Алматы, «Атамұра» 2005 жыл) пән оқулығында: «Чарльз Дарвиннің «табиғи сұрыптау» теориясы бойынша адамның арғы атасы – маймыл. Бүгінгі біздер эволюциялық сұрыпталу барысында осындай күйге жетіппіз. Нақтырақ айтқанда, тіршілік үшін күресте кім күшті сол тірі қалып отырған» дейді (115- бет). Тағы сол сияқты ҚР Білім және ғылым министрлігі бекіткен, жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған «Биология» оқулығының 5-бетінде: «Адам – тірі жүйелер эволюциясы дамуының ең жоғарғы сатысы. Ағылшын ғалымы Ч.Дарвин 1871 жылы шыққан «Адамның тегі және жыныстық сұрыпталу» атты еңбегінде: «Адам жануарлар әлемінің эволюциялық дамуы нәтижесінде пайда болды» деп жазады… Дарвиннің анықтамасы адамның пайда болуы мен адам тәрізді маймылдар тегінің біртұтастығын көрсетіп, эволюциялық даму бағытына сілтеме жасады» деген сөйлем бар.
Дарвин ілімін уағыздаушы бұл оқулықтар шын мәнінде Ресейдегі білім беру бағыты бойынша әзірленген оқулықтардың қазақша нұсқаланған түрі. Орыс оқулығындағы жалған ілімді сылып алып тастауға бізде қауқар жоқ. Айналып келгенде бұл сол құлдық сананың кесірі.
Материалисттер Дарвинді өздерінің жалған пікірлерін қуаттау үшін қолданған. Дарвин материалисттердің жар салғанындай адамдардың маймылдан тарағанын немесе бір жануар басқа бір түрлі жануарға айналып кеткенін айтқан емес. Дарвин мұндай нәрсе айтқан күнде де ол сөзінің ешқандай ғылыми құндылығы болмас еді. Өйткені теория дегеніміз дәлелденбеген нәрсе. Дәлелденбеген нәрсеге қатты ұстанып сену догма болады. Негізінде Дарвин жандылар арасындағы өмір арпалысы туралы жазған. «Түрлердің пайда болуы» атты кітабында жандылардың айналаға бейімделгенін, сол себепті аздап өзгерістерге ұшырағанын жазған. Бірақ “бір түрдегі жануар басқа бір түрге ауысты” деген емес. Ағылшын ғылым одағының 1980 жылдағы Солфордтағы жиналысында сөйлеген Профессор Джон Дурант былай дейді: «Дарвиннің адамның шығу тегі туралы көзқарастары модерндік ертегі болып шықты. Бұл ертегінің ғылыми және әлеуметтік дамуымызға зияннан басқа әсері болмады. Эволюция ертегілері де ғылыми зерттеулерді ойран етті.»
1912 жылы Англияда К. Дэйвсон бір көне сүйек қаңқаларын тапқанын айтады. Кейіннен “Пилтдоун адамы” деп аталған бұл қаңқа маймылмен адам арасында табылған қаңқалардың ішіндегі ең сенімдісі ретінде мәшһүр болды. Бұл қаңқаның бас сүйегімен тістері адамдікіне, жақ сүйектері болса маймылдікіне ұқсайтын еді. Осылайша алғаш адамның маймылмен адам арасынадағы бір махлұқ болғандығы жазылып, суреті салынды. Дінді мазақ ете бастады. Бұл қаңқаның күмәнды тараптары бар екенін айтып оның зерттеуге берілуін сұраған ғалымдарға рұқсат берілмеді. Алайда соңғы жылдарда неміс ғалымы бұл қаңқаны зерттеп күмәнды жерлерін тапты. Нәтижеде Дэйвсонның қулық жасап адамның бас сүйегіне маймылдың жақ сүйегін орнатқанын және оған адам тістерін қойғанын жария етті.

Чарлз Ро́берт Да́рвин
1922 жылы “Плиоцен” дәуіріне жататын бір азу тіс табылды. Эволюция теориясының жақтастары дереу мұны алғаш адамға тән тіс деп жариялады. Бір азу тіспен шабыттанып “Небраска адамы жұбайымен” деп атап қияли суреттер де салып жібереді. Америка және ағылшын баспасөз құралдарында осы туралы қаншама күн мақалалар жазылды. Соңында бұл тіс доңыздың тісі екендігі анықталды.
Жарты бас сүйек, жамбас сүйегі және үш азу тіс бөлек бөлек жерлерде табылады. Бұлардың бәрін бірге қосып атын “Ява адамы” деп атайды. Бұған орай профессор Дуане Гиш былай дейді: «Ява адамы дегендері негізінде маймыл. Маймылдың бас сүйегімен адамның жамбас сүйегін бірлестіріп атын Ява адамы деп шығарған.»
Бұл сүйектерді тауып атын Ява адамы деп қойған мистер Дубойс өлімінен алдын шындықты жариялады. «Ява адамы деп атаған сүйектерім шындығында гиббон маймылы еді» дейді.
Адаммен жануарлар арасындағы ең үлкен айырмашылық адамның рухы. Адамдарда рух бар. Адамдарға тән болған бұл рух жануарларда жоқ. Материалисттердің бұл рухтан хабары болмағаны үшін адамды маймылға жақын деп санайтындар шығуда.
Сонымен қатар ондай адам болыпты, мұндай адам болыпты деп неге бір ғана адам табылған? Неге мыңдаған емес? Бұл жағдай да бұлардың ойдан құрап шығарылған арам пиғылды адамдардың өтіріктері екендігін тағы да дәлелдей түсуде.
Дарвин теориясының қазір құны жойылған. 2004 жылы сәуір айында Италия білім министрі Летиция Моратти орта мектепте бұл ілімді оқытуды тоқтату жайында комиссия құрып, оны Нобель сыйлығының иегері Ритой Леви - Монтальчини басқарды. Сербия министрі Лиляна Чолич аталмыш теорияны оқудан алып тастады. 2005 жылы Дарвин ілімін оқытқаны үшін Түркияның Мерсин қаласында бес мұғалімнің үстінен іс қозғалды. Американдық Мичиган университетінің зерттеуіне қарағанда, АҚШ тұрғындарының алтыдан бірі ғана жалған ілімге иланады. Ал, Жапония, Исландия, Дания, Швеция, Франция тұрғындарының 80 пайызы қарсы (www.rian.ru).
Қорыта айтқанда дін, ғылым-білім, ақиқаттың дұшпандары адамзатты азғыру үшін ғалым кейпіне кіріп, «Адамдар маймылдан жаралған. Дарвин осылай деген» деп қаншама өтірік айтса да сөздерінің негізі жоқ. Адамдардың түрі, дене бітімі маймылға ұқсаса да адам бәрібір адам. Өйткені оның рухы бар. Ал маймыл – жануар.
Дереккөз: bilim-all.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:53, 19 қараша 2025
Маман ұйқы мен қан қысымын не байланыстыратынын айтты
-
09:36, 14 қараша 2025
Биологтар миы бүкіл денесіне таралған теңіз жануарын анықтады
-
15:39, 11 қараша 2025
Жерге қуаты күшті магниттік дауылдар жақындап келеді
-
13:37, 10 қараша 2025
Кезекті магниттік дауылдар қашан күтіледі - ғалымдардың болжамы
-
11:53, 10 қараша 2025
Археологтар «ақырзамандық шайқас» болған жерді зерттеп көрді





