Еңбекқор жандар жиі ауырады

09:47, 22 қаңтар 2017

Дания мен АҚШ ғалымдарынан құралған топ еңбекқор жандардың жиі ауыратынын анықтады. Ғалымдар қажырлы еңбек денсаулыққа зиян деген тұжырымға келмес бұрын, Дания өндіріс кәсіпорындарының жұмысшыларының денсаулығын тексереді.

Нәтижесінде, ондағы әйел-жұмысшылардың денсаулығы жылдан-жылға нашарлап бара жатқаны анықталды. Тынбай еңбек ететін ерлер арасында да дәл осындай жағдай.

Әйелдер экспорт көлемі көбірек кәсіпорындарда жұмыс істеген және онда депрессияға ұшырау оқиғасы жиі кездескен. Ауыр депрессия оқиғаларының саны 2,5% жеткен. Өндіріс көлемі 10% ұлғайғанда, онда жұмыс істейтін әйелдердің жарақат алу жағдайы 6% өскен. Жүрегі нашарлап ауруханаға түскендер көлемі 15% жоғарылаған.

Жұмыс орнында өте көп жүктеме алған ерлер денсаулығы да өте нашар. Бірақ, оларға қарағанда, әйелдердің денсаулық мәселелері қауіптірек.

Мамандар жұмыс берушілерге өндіріс көлемі артқан сайын, жұмысшылардың денсаулығына да мән беру керектігін айтуда. Еңбекпен ел көгеретіні бесенеден белгілі ғой. Бірақ, уақытылы демалмасаңыз, денсаулығыңызға зияны тиеді. 

Дереккөз: massaget.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!