Шығыс жұлдызнамашылары 2022 жыл кімдерге сәттілік әкелетінін айтты

19:39, 7 желтоқсан 2021

© Сурет: pxhere

2022 жыл 1977 және 1989 жылдары туғандар үшін ең сәттісі болады.

Алдағы жыл Жұлдызнамаға кіретін жұлдыздың басым бөлігі үшін өте сәтті болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Дегенмен "Профиль" интернет-журналының ақпараты бойынша, өмірдің барлық салаларында өркендеу мен табысқа тек бірнеше Зодиак белгілері ғана бірдей қол жеткізе алады. Олар:

Бұқа

2022 жылы бұқалардың қаржы саласында көбірек жолы болады. Басты кіріс көзі отбасылық бизнестен бастау алады. Карьераға баса мән беретіндер жаңа лауазымға ие бола алады және жаңа жылдың алғашқы екі айында айтарлықтай алға жылжуға қол жеткізеді. Мақсатқа жету үшін неғұрлым көп күш жұмсалса, болашақта өмір сүру соғұрлым жеңіл әрі оңайырақ болады.

Жылан

2022 жыл 1977 және 1989 жылдары туғандар үшін ең сәттісі болады. Олар өздерінің материалдық жағдайын реттеп, бастағы проблемаларының басым бөлігін бір ыңғайлап, бұл мәселені бақылауға алады. Дегенмен, денсаулыққа мұқият болу керек. Көз және тамаққа қатысты проблемалардың туындауы жоққа шығарылмайды. Өзіңізді қалыпты формада ұстау үшін апта бойындағы күйбең тіршіліктен дене жаттығуларына уақыт табуға тырысыңыз.

Айдаһар

Көңілді және оптимист айдаһарлар 2022 жылы алдында жұмсаған күш-жігерлерінің пайдасын көреді. Жыл қожасы - су жолбарысының көңіл қош көретіні 1988 жылы туылған адамдар болады: оларды жаңа мүмкіндіктер күтіп тұр, мансабы артып, қызметте жоғары көтеріледі, ал отбасылық өмір бұрынғыдан да берекелі бола түседі. Олар үшін жаңа жылдың алғашқы төрт айы, әсіресе сәтті болады.

 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!