Диетолог танымал екі салаттың құрамын өзгертуді ұсынады
© Сурет: pixabay
Маман екі салат та бірден бірнеше зиянды өнімдерден тұратынын айтады.
Ресейдің медициналық алдын-алу орталығының диетологы Антонина Чарышкина жаңа жылдық дастарханға жиі қойылатын оливье мен майшабақ (селедка под шубой) салаттары ең зиянды тағамға жататынын айтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Дәрігер "Доктор Питер" басылымына берген сұхбатында оливье бірден бірнеше зиянды өнімдерден тұратынын айтады.
Ең алдымен, бұл - майонез. Ол өте жоғары калориялы, тұзды әрі құрамында ақуыз, май, көмірсулардың эмульсиясы бар, олардың бәрін ағзаның сіңіруі өте қиын. Сонымен қатар пісірілген шұжық та жоғары калориялы болып табылады, құрамында нитриттер, фосфаттар, глутамат, консерванттар және көптеген тұздар бар. Жалпы алғанда, бұл метаболикалық процестерге, микрофлораға нашар әсер етеді, жүйке жүйесінің жұмысын, жасушалардың демалысын тежейді. Ресейдің медициналық алдын-алу орталығының диетологы Антонина Чарышкина
Сарапшы майшабақтың негізгі "зияндысы" майонез екенін айтады. Сонымен қатар, майшабақтың өзінде тұз көп әрі ол өте жоғары калориялы. Ал қайнатылған картоп жоғары гликемиялық көрсеткішке ие және калориялы.
Чарышкинаның айтуынша, бұл салаттардың құрамын "жақсартуға" болады, мәселен майонезді йогурт, қыша немесе лимон шырыны қоспасынан әзірленген тұздықпен алмастыруға болады. Бұл тағамның калориясын бірден бес есе азайтады. Сондай-ақ, қайнатылған шұжықтың орнына қайнатылған тауық етін пайдалануға болады. Картопты қоспаңыз немесе аздап алыңыз. Картоп мөлшерін азайту туралы кеңес майшабақ салатына да қатысты. Тепе-теңдік үшін диетолог алма немесе қиярды қосуды ұсынады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:48, 10 желтоқсан 2021
Суықта ағзаға қуат беретін 8 азық-түлік аталды
-
19:39, 7 желтоқсан 2021
Шығыс жұлдызнамашылары 2022 жыл кімдерге сәттілік әкелетінін айтты
-
15:30, 13 қаңтар 2020
Киілген киімді басқа біреуге беруге неге болмайды?
-
10:52, 23 шілде 2018
Ғалымдар тіс пастасының зиян екенін хабарлады
-
22:01, 31 мамыр 2017
Алаяққа алданып қалмаңыз