Балаларға арналған тәттілердегі жапсырмаларды мұқият оқып шығу неліктен маңызды

22:08, 22 қазан 2024

© Сурет: pixabay

Кішкентай тұтынушылардың құқықтарын қорғау: кәмпит пе, әлде контрафакті ме? Балаларға арналған тәттілердегі жапсырмаларды мұқият оқып шығу неліктен маңызды?

"Балалар тәттілерді жақсы көреді. Шайнап жейтін кәмпиттер – жас тұтынушылар арасында танымал болған сүйікті өнімдерінің бірі. Алайда балаларын дәмді тағамдармен қуантуға тырысқан ата-аналар кейде қаптамадағы белгілер жай мәтін емес, баланың денсаулығын қорғайтын маңызды элемент екенін ұмытып кетеді", - дейді Жанна Биятан, "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігінің ("МОТҚҚҚ" ҚБ) сарапшысы.

"Тәттілерді сатып алғанда, сіз "олар қауіпсіз бе? Өнім сертификаттаудан өткен бе?" дегендей сұрақтарды қоясыз ба? – деп сұрайды Жанна Үрметханқызы – "Сіз мұны онлайн ресурстар мен қосымшалар арқылы да оңай тексере аласыз", – дегенді алға тартады сарапшы.

Жанна Биятан: "Біздің ұйым аккредиттелген зертханаларда халық тұтынатын тауарларға жан-жақты зерттеулер жүргізеді және олардың нәтижелерін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы таратады, пайдалы ақпараттар береді және азаматтардың сана-сезімін арттырады".

2024 жылдың шілде айының басында "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігі ("МОТҚҚҚ" ҚБ) өкілі жасырын сатып алушы әдісін қолданып, Doughnut fudge шайнап жейтін кәмпиттерін және "Valio" 14% сүзбе ірімшігінің екі түрін Павлодар қаласындағы дүкендердің бірінен сатып алды.

Балаларға арналған тәттілердегі жапсырмаларды мұқият оқып шығу неліктен маңызды, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.10.2024 22:08

Сурет: Жанна Биятан

Ынтымақтастық келісіміне сәйкес, өнімдер Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Павлодар облысы бойнша "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК филиалының зертханасына сараптамаға жіберілді. 2024 жылдың 17 шілдесіндегі № РО-24-03468/234 хаттамасында тіркелген нәтижелер бойынша Doughnut fudge шайнап жейтін кәмпиттерден Кеден одағының техникалық регламентінде және Қазақстан Республикасындағы Тіл, "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңнамасында белгіленген екі тілде таңбалама талаптарына қатысты елеулі сәйкессіздіктер анықталды.

Белгілі болғандай, тәттілердің қаптамасында қазақ және орыс тілдеріндегі ақпарат көрсетілмеген.

Бұл тамақ өнімдерінің атауларына, санына (салмағы, көлемі), құрамы, сақтау шарттары және тағамдық құндылық көрсеткіштері, тамақ өнімдерін өндірушінің атауы мен орналасқан жері, өнімді пайдалану бойынша ұсынымдар мен шектеулер, алынған компоненттердің құрамы туралы ақпаратқа қатысты, ГМО пайдаланумен алынғаны туралы, жасалған күні мен жарамдылық мерзіміне қатысты болды.

Мысалы, ингредиенттер тізімі болмаса, ата-аналар өнімде аллергендер немесе ГМО сияқты қажетсіз ингредиенттер бар-жоғын біле алмайды. Балалар тағамның сапасына ерекше сезімтал, ал ересек ағза сіңіре алатын баланың денсаулығында елеулі проблемаларды тудыруы мүмкін.

Сонымен қатар, қаптамада ЕАС белгісі (Кедендік одақ елдерінің нарығында өнім айналымының бірыңғай белгісі) болмаған, бұл өнімнің міндетті қауіпсіздік сынағынан өтпегенін көрсетеді. Яғни, бұл кәмпиттің сіздің балаңыз үшін қауіпсіз екенін ешкім тексермегенін білдіреді. Және бұл жай ғана белгі мәселесі емес, нақты қауіптің өзі!

Сарапшылар КО 022/2011 ТР сәйкес қапталған тамақ өнімдерінде орыс және мемлекеттік тілдерде басылуы тиіс ақпараттардың жоқтығын анықтады.

Қаптамада тамақ өнімдерінің таңбаламасы үшін қажетті белгілер мен пиктограммалар, яғни Мебиус ілмегі жоқ, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау талаптарын бұзатын пайдаланылған қаптаманы қайта өңдеу мүмкіндігі туралы да ақпарат көрсетілмеген.

"Әр ата-ана баласының дені сау болғанын қалайды. Бірақ, құрамы толық көретілмеген өнімді сатып алу арқылы ата-аналар балаларын қатерге ұшыратады. Мысалы, артық қант немесе консерванттар аллергияға, тамақтанудың бұзылуына, тіс ауруларына әкелуі мүмкін", - дейді Жанна Үрмеханқызы.

"Егер қаптамада сақтау шарттары көрсетілмесе, бұл тағы бір алаңдатарлық жағдай екенін ескеріңіз. Өнімді дұрыс сақтамау оның тез бұзуылуына әкелуі мүмкін, бұл балалар үшін қауіпті. Олардың ағзасы токсиндерге төзімділігі төмен, тамақтан улану ауыр зардаптарға әкелері хақ", - деп алаңдаушылығын білдіреді сарапшы.

Сонымен қатар, тиісті таңбаланбаған тауарларды сатып алу арқылы біз көлеңкелі экономиканы қолдаймыз. Бәлкім, мұндай өнім белгіленген ережелерді айналып өтіп әкелінген болуы мүмкін, яғни, оны сатудан түсетін салық мемлекеттік бюджетке түспейді. Бұл қаражатқа балабақшалар, мектептер мен спорт нысандарын салуға болар еді. Сертификатталған өнімдерді сатып алу арқылы біз ел экономикасына қолдау көрсетіп, балаларымыздың болашағына үлес қосамыз.

Ал Финляндияда өндірілген "Valio" 14% жасыл пияз бен кілегей қосылған екі сүзбе ірімшігі Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенті қауіпсіздік талаптарына сай болды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.10.2024 22:08

 

Фото: Жанна Биятан

 

Өнімнің заңдылығын қалай тексеруге болады?

Қазақстанда тестілеуден өткен әрбір өнім бойынша мәліметтер енгізілетін сертификатталған тауарлардың бірыңғай тізілімі, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссияның бірыңғай тізілімі жұмыс істейді.

Заңды өнімдерде әрқашан EAC белгісі болады – өнімнің қауіпсіздік талаптарына сәйкестігінің кепілі. Қаптамада осы белгіні көрсеңіз, оның қауіпсіз екеніне сенімді бола аласыз.

Сіздің балаларыңыз сізге сенеді және олардың денсаулығы сіздің таңдауыңызға байланысты. Қаптамадағы белгілер дұрыс және қауіпсіз таңдау жасауға арналған нұсқаулық болып табылады. Бұл ақпаратты назардан тыс қалдырмаңыз: тек толық және сенімді таңбалама ғана сіз сатып алған кәмпиттің балаңыз үшін қауіпсіз екеніне кепілдік береді.

Сертификатталған өнімдерді сатып алу арқылы сіз балаларыңыздың денсаулығына қамқорлық жасайсыз және адал кәсіпкерлерге қолдау көрсетесіз. Әрқашан қаптамадағы ақпараттарды тексеріңіз, бұл сіздің балаңыздың денсаулығы мен қауіпсіздігінің негізі.

Бұл материалды дайындаған "МОТҚҚҚ" ҚБ тұтынушылар құқығын қорғау – біздің ортақ міндетіміз екенін еске салады. Осыған ұқсас сұрақтар бойынша байланыс нөмірі 87054222739 немесе Instagram парақшасы: OZPP.KZ – https://www.instagram.com/ozpp.kz/.

 

 

 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!