ОСК Құрылтай сайлауында тіркелген жерден тыс жерде қалай дауыс беруге болатынын түсіндірді
© Фото: Zakon.kz
Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Азамат Айманақұмов 2026 жылғы 3 тамызда ОСК отырысында сайлау күні басқа елді мекенде болатын азаматтар есептен шығару куәлігі арқылы дауыс бере алатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Ол азаматтар тұрақты тіркелген жері бойынша учаскелік сайлау комиссиясынан 7 тамыздан бастап 22 тамыз сағат 18:00-ге дейін дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігін ала алатынын еске салды.
"Бір елді мекен аумағындағы басқа сайлау учаскесінде дауыс бергісі келетін сайлаушыларға есептен шығару куәлігі берілмейді. Жоғалған куәлік қалпына келтірілмейді және оның телнұсқасы берілмейді. Есептен шығару куәлігін сенімхат арқылы алуға болады. Мұндай сенімхатты нотариатта куәландыру талап етілмейді", – деді Азамат Айманақұмов.
Оның айтуынша, дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігін сайлау күніне 15 күн қалғанда және дауыс беру алдындағы күні сағат 18:00-ге дейін алуға болады.
Учаскелік сайлау комиссиясы құжатты сайлаушының жазбаша өтініші және жеке басын куәландыратын құжаты негізінде береді. Бұл ретте сайлаушылар тізіміне тиісті белгі қойылады.
Бұған дейін Қазақстан бойынша учаскелік сайлау комиссиялары жұмысын бастағаны хабарланған еді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:01, 3 тамыз 2026
ҰҚК Астана полициясының жоғары лауазымды қызметкеріне қатысты тергеу жүріп жатқанын растады
-
15:54, 3 тамыз 2026
«Затыңыз дайын тұр, төлем жасаңыз»: қазақстандықтарға жаңа алаяқтық схема туралы ескертілді
-
15:42, 3 тамыз 2026
FlyArystan ұшағы Астанаға бірден қона алмаған: оған не себеп болды
-
15:32, 3 тамыз 2026
Қазақстанда медициналық ұйымдарды аккредиттеу рәсімі ашық болады
-
15:27, 3 тамыз 2026
Қазақстан бойынша учаскелік сайлау комиссиялары жұмысын бастады





