Алматы облысындағы әскери бөлімдердің бірінде сарбаз 4-қабаттан құлап, ауыр жарақат алды

17:54, 3 тамыз 2026
MKZ: 1559434

© Фото: zakon.kz

Қонаев гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде мерзімді қызметтегі сарбаз ауыр жарақат алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған оқиғаның себебі мен егжей-тегжейін ҚР Қарулы күштері Десанттық-шабуылдау әскерлері айтып берді:

"2026 жылғы 3 тамызда Қонаев гарнизонының әскери бөлімдерінің бірінде мерзімді қызметтегі әскери қызметші 4-қабаттың терезесінен құлап, жарақат алды. Әскери қызметші дереу медициналық мекемеге жеткізілді, оған барлық қажетті мамандандырылған медициналық көмек көрсетілуде. Оның жағдайы дәрігерлердің тұрақты бақылауында.

Колда бар мәліметтерге сәйкес, бұған дейін әскери қызметші әскери қызмет өткеру жағдайларына қатысты шағымданбаған. Оның алдында ол әскери бөлімге келген ата-анасымен кездескен, бұл ретте олардың тарапынан да қандай да бір өтініштер мен арыздар түскен жоқ.

Аталған факт бойынша ҚР ІІМ Әскери-тергеу басқармасы қылмыстық іс қозғады. Қажетті тергеу шаралары жүргізілуде. Қорғаныс министрлігі қызметтік тексеру тағайындап, арнайы комиссия құрды. Жағдай ерекше бақылауда".

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!