Ашқарынға жеуге болмайтын тағамдар
Адам қарны ашқанда қолына ілінгенін жеуге бар. Алайда кейбір тағамдарды ашқарынға жесеңіз, асқазаныңызға едәуір зиян келуі мүмкін. Олар:
- Салқын сусындар. Олар асқазан мен ішекті тітіркендіріп, ферменттік реакцияларға зиян келеді, нәтижесінде түрлі ауруларға жол ашады.
- Банан. Бұл жемістің құрамында магний көп болғандықтан, ағзаның магний мен кальцийді реттеуіне кедергі келтіріп, жүрек-қан тамырлары аурулар пайда болуы мүмкін.
- Йогурт. Ашқарынға түскен йогурт өзінің пайдалы қасиеттерін жоғалтады. Сондықтан оны тамақтан 2 сағаттан соң жеу ұсынылады.
- Чипсылер. Құрамындағы пектин мен түрлі қышқылдар асқазан сөлінің көп бөлінуіне жол ашатындықтан оны жеген соң біраз уақыттан кейін адам асқазандағы ыңғайсыздықты сезінеді.
- Тәттілер. Онсыз да зияны көп тәттілер ашқарынға желінсе зияны арта түседі. Ағзаға қажетті мөлшерде инсулиннің бөлінуін тежейтіндіктен, көз ауруларының пайда болуына себепші, қышқылды-сілтілік тепе-теңдікті сақтауға зия келтіреді.
Дереккөз: asylsoz.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:29, 25 мамыр 2026
Қытайда ит пен мысықтың тілін аудара алатын ЖИ-тілмаш пайда болды
-
09:41, 6 мамыр 2026
Ғалымдар демікпенің ауыр түрі несімен қауіпті екенін түсіндірді
-
17:45, 4 мамыр 2026
Газдалған сусынды жиі ішу қандай қауіп төндіреді - мамандар кеңесі
-
13:26, 12 ақпан 2026
Booking платформасы әлемдегі ең қонақжай қалалардың тізімін жасады
-
14:33, 21 қаңтар 2026
Дене салмағының қалыпты деңгейі қатерлі ісік қаупін азайтады - дәрігер кеңесі





