Жолақысын төлемеген елордалықтарға 42 млн теңге айыппұл салынды

12:58, 15 қазан 2019
280

Алматы. 15 қазан. 7kun.kz — Жыл басынан бері Нұр-Сұлтанда жол жүру ақысын төлеуден жалтарудың 8 284 фактісі тіркелді. 10 қазандағы жағдай бойынша айыппұл сомасы 41,8 млн теңгені құрады, деп хабарлады Астана LRT басқарма төрағасы Бекмырза Игенбердинов қоғамдық көлікті дамыту мәселелері жөніндегі конференцияда.

Өз кезегінде тасымалдаушыларға ЖҚЕ бұзғаны үшін 109 млн теңгеден астам айыппұл салынды. Сонымен қатар, осы уақыт ішінде төрт жүргізуші жол ережесін бұзғаны үшін 6 айға көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды.

Жыл басынан бері жол қозғалысы ережелерін бұзудың 923 жағдайы тіркелді, айыппұл сомасы — 10 млн теңге. Автобус жүргізушілерінің кінәсінен 313 ЖКО (ЖКО жалпы санының 30,7%-ы) орын алды, онда 150 адам зардап шекті, ал екеуі қаза болды.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!