Ұлттық банк Tengri Bank директорлар құрамындағы өзгерістерді мойындамады

15:06, 23 шілде 2019

Алматы. 23 шілде. 7kun.kz — Ұлттық банк Tengri Bank-тің Директорлар құрамын өзгерту жөніндегі шешімін заңсыз деп таныды, деп хабарлады Қазақстан қор биржасының сайтында.

«Ұлттық Банктің Tengri Bank Директорлар кеңесінің құрамындағы өзгерістерге қатысты 10.07.2019 жылғы хатына сәйкес, реттеуші қаржылық құрылымның директорлар кеңесі құрамындағы өзгерістерді заңсыз деп таниды», — делінген хабарламада.

Осыған байланысты банк директорлар кеңесінің құрамы келесідей ұсынылғанын атап өтті:

  • Қуанышев Тимур — Директорлар кеңесінің төрағасы;
  • Lovleen Kumar Malhotra — Директорлар кеңесінің мүшесі;
  • Kalia Subhash Chander — Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор;
  • Ержан Шайкенов — Директорлар кеңесінің мүшесі;
  • Бауыржан Нұғыманов — Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.

Еске сала кетейік, жақында Банк басқармасының құрамы өзгергені туралы хабарланды. Құрамнан басқарма төрағасының орынбасары Мұхтар Беққали алынып тасталды. Бұл лауазымға Pawan Singh (Паван Сингх) сайланды. Енгізілген өзгерістерге сәйкес, басқарма үш адамнан тұрады: Кумара Динеш, Бахтияр Ілиясов, Pawan Singh (Паван Сингх).

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!