Үкімет Арысты қалпына келтіруге қаражат бөледі

10:17, 25 маусым 2019

Алматы. 25 маусым. 7kun.kz — Үкімет отырысы басталар алдында еліміздің премьер-министрі Асқар Мамин кеше әскери қоймада жарылыс болған Арыс қаласындағы жағдай туралы ақпаратты тыңдап, қаланы қысқа мерзімде қалпына келтіруге уәде берді.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес қаланың әлеуметтік нысандары мен тіршілік ету нысандарына келтірілген шығын бағаланады. Қалпына келтіруге қаражат бөлінеді. Үкімет тарапынан көмек, көмек көрсетілед. Біз Арысты қысқа мерзімде қалпына келтіреміз», – деді Премьер-Министр.

Сонымен қатар, ол әріптестеріне қаражат жинау бойынша Nur Otan партиясынан үлгі алуды ұсынды.

Бүгін ҚКХП партиясының көшбасшысы Айқын Қоңыров ФБ бетінде зардап шеккендерге көмек көрсету үшін қаражат жинау туралы жариялады.

Еске сала кетейік, 24 маусым күні таңертең Түркістан облысының Арыс қаласында жарылыс болды. ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, жарылыс әскери бөлім аумағында болған. Өртке қарсы қызмет пультіне шақыру 9.20-да келіп түсті. Хабарламада айтылғандай, жарылыс Түркістан облысы Арыс қаласының әскери бөлімінің аумағында орын алған.

Қазіргі уақытта 165 зардап шеккен адам анықталып, оның 89-ы ауруханаға жатқызылды.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!