Uber-дің негізін қалаушы компания акцияларын сатып жіберді

10:21, 15 қараша 2019

Алматы. 15 қараша. 7kun.kz — Uber-дің негізін қалаушы және бұрынғы бас директоры Трэвис Каланик сервис акциясын 160 млн долларға Ride-hailing компаниясына сатты. Жалпы, Каланик 6,1 миллионнан астам Uber акцияларын бес траншпен жалпы сомасы 711 млн долларға сатқан.

Оның Uber-дегі қалған үлесі — 4,2%, 1,9 млрд долларға бағаланады.

Каланик Uber акцияларын сатуды 6 қарашада, IPO-дан кейін алты ай өткен соң бастады, оның барысында инсайдерлер өз акцияларын сата алмады.

7 қарашада The Wall Street Journal дереккөздерге сілтеме жасай отырып, Сауд Арабиясының Егемен қоры Каланиктің жаңа CloudKitchens стартапына 400 млн доллар инвестиция салғанын хабарлады. Компания dark немесе ghost kitchens деп аталатын арзан жылжымайтын мүлікті сатып алумен айналысады, содан кейін бұл үй-жайларды тек жеткізу үшін тамақ дайындайтын мейрамханаларға жалға береді. Жобаның мұндай үлгімен жұмыс істейтін бірнеше мейрамханалары бар. Мәміле жабылғаннан кейін CloudKitchens 5 миллиард долларға бағаланады.

Айта кетейік, Uber — дәл осындай атаумен такси шақыратын қосымшаны жасайтын халықаралық технологиялық компания. Компания 2009 жылы құрылған, 2019 жылдың мамырында Uber IPO кезінде 8 миллиардтан астам доллар жинады. Каланик бірқатар жанжалдардан және бірнеше топ-менеджерлердің отставкасынан кейін 2017 жылы Uber бас директоры қызметінен кетті. Америкалық Forbes мәліметтері бойынша, Каланиктің жағдайы 3,2 млрд долларға тең.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!