Тоқаев Көкшетауда өңіраралық ынтымақтастық Форумын өткізуді ұсынды

10:30, 8 қараша 2019

Алматы. 8 қараша. 7kun.kz — Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылы Көкшетауда өңіраралық ынтымақтастық Форумын өткізуді ұсынды. Бұл туралы мемлекет басшысы өзінің Тwitter-дегі парақшасында жазды.

«Экология — Қазақстан-Ресей қатынастарының күн тәртібіндегі негізгі салалардың бірі. Қоршаған орта мәселелері шекара талғамайды. Өңіраралық ынтымақтастық жөніндегі келесі Форумды 2020 ж. Көкшетауда өткізіп, жиынды экология және жасыл өсім мәселелеріне арнауды ұсындым», — делінген Президент жазбасында.

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев 7 қарашада Омбыда өткен Қазақстан мен Ресей арасындағы XVI өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысты.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!