Шетелдік инвесторлар Алматыдағы жобаларына 165 млн доллар жұмсады

10:24, 15 шілде 2019

Алматы. 15 шілде. 7kun.kz — Шетелдік компаниялар Алматыда жаңа өндірістік нысандарды салуға 165 миллион доллардан астам инвестиция салды.

Қала әкімдігінің хабарлауынша, өткен жылы кәсіпорындарды іске қосу есебінен 1,5 мыңнан астам жұмыс орны ашылды.

«2018 жылы 165,6 млн долларға шетелдіктердің қатысумен жобалар жүзеге асырылды, атап айтқанда, 10 млн долларға инженерлік қорғаныс жүйесін өндіретін зауыт, 20,3 млн долларға оқшауламасы бар кабель-өткізгіш өнімдерін және тігілген полиэтилен шығаратын кәсіпорын іске қосылды», – деп толықтырды ведомствода.

Сондай-ақ, олардың ақпаратына сәйкес, қалада май кешені 33 млн доллар қайта жаңартылып, жаңғыртылды. Бұдан басқа, өткен жылы 45,3 млн долларға электравтобустарды құрастыру зауыты іске қосылды.

Ведомствода қазіргі уақытта Алматыда қуаты жылына 100 мың тонна болатын үлкен диаметрлі болат дәнекерлеу құбырларын өндіретін кәсіпорын салынып жатқанын атап өтті.

«Жобаның инвесторы Қытай ұлттық мұнай-газ корпорациясының (CNPC) еншілес компаниясы болды. Инвестицияның жалпы сомасы 33 млрд теңгені құрайды», — деп түсіндірді әкімдікте.

Сонымен қатар, түрік инвесторлары қалада бизнес орталық салғысы келеді.

«Шетелдік компаниялар қызмет көрсету, АӨК, медицина, туризм және құрылыс саласындағы жобаларға қызығушылық танытуда», – деп түйіндеді мемлекеттік орган.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!