Ресейлік бизнесмен KAZ Minerals акциясын сатып алды

17:03, 11 қыркүйек 2019

Алматы. 11 қыркүйек. 7kun.kz – Ресейлік бизнесмен Максим Воробьев (Ресейдің Мәскеу облысы губернаторының ағасы) және оның Amereus Group инвестициялық қоры KAZ Minerals қазақстандық металлургия компаниясының 3,00674% акциясын иеленді.

Kaz Minerals-дағы Воробьевтің үлесі 1,62043%-ды, Amereus Group-та (100% бизнесменге тиесілі) 1,38631%-ды құрайды. Воробьев пен оның инвестфоны акцияларды ашық нарықта сатып алды, компанияның мажоритарлық акционерлерінің үлесі өзгерген жоқ.

Максим Воробьев — қызыл балық өсіруге мамандандырылған «Русская аквакультура» компаниясының ірі акционері және директорлар кеңесінің мүшесі.

Тамыз айында Воробьевтің бақылауындағы инвестициялық топ «Ультрамар» және «Ультрамар Терминал» компанияларынның иесі Андрей Бонч-Бруевичтен 40% акцияны сатып алатыны белгілі болды. «Ультрамардың» негізгі акционері Бонч-Бруевич болып табылады.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!