Пара алған шенеунік 6 млн теңге айыппұл төлейді

10:53, 8 қазан 2019

Алматы. 8 қазан. 7kun.kz — Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы әкімінің бірінші орынбасары пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, оған 6 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі хабарлады.

«Қарағанды ​​облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі пара алған Жаңаарқа ауданы әкімінің бірінші орынбасары — жер комиссиясының төрағасы Б.К. Серіковке қатысты сотқа дейінгі тергеуді бұған дейін аяқтаған еді. Ол жеке тұлғалардың пайдалануына жатпайтын қосымша жер учаскесін жалға беру туралы оң шешім қабылдағаны үшін азаматтан 200 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінген», – делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте айыпталушының өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айрылғанын атап өтті.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!