ОПЕК+ мұнай өндіруді арттыруды осы жылы бастауы мүмкін

17:10, 21 маусым 2018

Алматы. 21 маусым. 7kun.kz – Сауд Арабиясының министрі Халид аль-Фалех ОПЕК+ келісім аясында мұнай өндіруді тәулігіне 500 мың баррельге дейін арттыруды ұсынды, деп хабарлайды РИА Новости.

Министрдің айтуы бойынша, өндіру көлемін біртіндеп арттыруды 2018 жылдың ІІІ тоқсанында бастауға болады. Жақын арада аль-Фалех Катар және Нигерия өкілдерімен кездесіп, аталған ұсынысты талқыламақ.

Басқа да шетелдік БАҚ жазбаларына сәйкес Сауд Арабиясы мұнай өндіруді тәулігіне 600-800 баррельге дейін арттыруды жоспарлап отыр.

Сонымен бірге Иранның мұнай министрі Бижан Зангане өндірісті қысқарту бойынша міндеттемелерді әлсірету туралы шешімді қолдамайтынын, себебі АҚШ президенті Дональд Трамптың арқасында мұнай бағасы жоғары болып қалатынына сенімді екенін мәлімдеген болатын.

Астана уақыты бойынша 10:30-да Brent фьючерстері $74,34 болды. Өткен аптаның соңынан бастап шикізат бағасы барреліне $76-дан $73-ке дейін төмендеді.

Біраз уақыт бұрын Иран, Венесуэла және Ирак мұнай өндіру көлемін арттыру жайлы ұсынысқа вето қоюды жоспарлап отыр деп мәлімденген болатын.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!