«Олимп» ставкаларды қабылдамайтынын жариялады

11:56, 22 қаңтар 2020

Алматы. 22 қаңтар. 7kun.kz — «Олимп» букмекерлік кеңсесі енді ставкаларды қабылдамайды. Бұл туралы букмекердің ресми сайтында хабарланды.

«2020 жылғы 22-қаңтардан OLIMP.KZ қазақстандық лицензия бойынша ставкалар қабылдай алмайды, оның әрекеті уақытша тоқтатылған. Әрине, мұндай жағдайдың орын алғаны өкінішті. Біз қазақстандық букмекерлік еңсе болғанбыз және болашақта да сондай болып болып қала бергенді қалаймыз», — делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, Алматы прокуратурасының талабы бойынша «Олимп» сауда белгісімен қызметін жүзеге асыратын «Олимп.kz» және Alpha-bet букмекерлік кеңселеріне тақырыптық салықтық тексеру тағайындалды. Сонымен қатар, 145 млрд теңге көлеміндегі салық есептелді.

Букмекерлік кеңсеге заңсыз құмар ойын бизнесін ұйымдастыру фактісі бойынша тергеу жүргізіледі.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!