Мемлекеттік қызмет заңнамасын бұзған 24 әкім жазаланды

16:38, 22 ақпан 2019

Алматы. 22 ақпан. 7kun.kz – Мемлекеттік қызмет көрсету заңнамасын бұзғаны үшін 24 әкім жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

2018 жылы Агенттікке мемлекеттік қызметтерді алу кезіндегі құқық бұзушылықтар туралы 1446 өтініш келген.

“Негізінен мемлекеттік органдардың міндеттерін сапасыз орындағаны, Мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тартқаны және стандарттар мен регламенттер нормаларын сақтамағаны үшін шағымданды. Нәтижесінде мемлекеттік органдар мен оларға ведомстволық бағынышты ұйымдардың 253 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Кейбір жағдайларда лауазымды тұлғалар рұқсат берудің заңнамалық нормаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды”, – деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомства.

Өткен жылы агенттік ӘҚБтК 465 бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы 397 хаттама жасады.

Сот шешімімен 203 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылып, 13,4 млн теңгеге айыппұл салынды: орталық мемлекеттік органдар ведомстволарының аумақтық бөлімшелерінің (денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, білім және ғылым, инвестициялар және даму, қаржы министрліктері) 18 басшысына, облыстық басқармалардың (денсаулық сақтау, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау, жер қатынастары, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, ауыл шаруашылығы басқармалары) 23 басшысына), 24 аудан, қала және ауылдық округ әкімдері, 106 қалалық және аудандық буын басшылары.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!