Лукашенко: Украина үш күн бұрын Беларуссияға шабуыл жасамақ болды

13:58, 3 шілде 2022

Беларусь. 3 шілде. 7kun.kz – Бірнеше күн бұрын беларуссиялық Әуе қорғаныс кешендері украин зымырандарын ұстады. Бұл туралы Беларусь президенті Александр Лукашенко мәлімдеді, деп хабарлайды БЕЛТА.

«Бізді арандатып жатыр. Мен сіздергеге хабарлауым керек: үш күн бұрын, Украина аумағынан олар Беларусь аумағындағы әскери нысандарға соққы бермек болды. Бірақ, «Панцирь» әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері Украина қарулы күштері ұшырған барлық зымырандарды ұстап алды, — деді Александр Лукашенко. – Бұл не тағы? Мен ант етемін: бірде-бір Беларуссияның солдаты Украина аумағында соғысып жатқан жоқ».

Президент Украинада бірнеше ондаған беларуссиялық жүк көлігі басып алынғанын еске салды. Олардан көліктерін тартып алды, екі жүргізуші қайтыс болды.

«Сосын олар ресейліктердің бомбалауы салдарынан өліп қалды, деді. Атқандары көрінбеу үшін өлгендердің денесінен органдарын кесіп алып тастады. Бірақ біздікілер түсінді. Бұл не, ұлтшылдық па?, Бұл нацизм бе? Әлде бұл фашизм бе», — деді ол.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!