Лицензиясыз қалған Қазинвестбанкте қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары бар

11:46, 11 қаңтар 2017

Лицензиясынан айырылған «Қазинвестбанк» АҚ-да қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары сақталған. Белгілі болғандай, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры аталған банктің депозитінде шамамен 3 млрд теңгені сақтауы мүмкін. Ал оның зейнетақы қорына қайту қайтпауы үлкен мәселе, деп хабарлайды 31 арна.

Kapital.kz cайтының мәліметінше, 2016 жылдың желтоқсан айының басында Қазинвестбанкке 2 млрд 900 млн теңге орналастырылған. Пайыздық көрсеткішпен бұл зейнетақы жинағының 0,04%-ын ғана құрайды. Алайда банк өздеріндегі проблеманы біле тұрып депозитті қалай орналастырғаны белгісіз. Ал қаражатты инвестициялау туралы шешім өткен жылдың басында қабылданған.

Зейнетақы ақшасы депозиттерді кепілдендіру жүйесіне кіретін кірмейтіні әзірге белгісіз. Өйткені сарапшылар депозиттерді кепілдендіру қоры тек жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге ғана өтемақы төлейтінін айтады. БЖЗҚ болса бұл категориялардың ешбіріне кірмейді.

Дереккөз: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!