Қылмыстық құқық бұзушылық 12 пайызға азайған

12:26, 26 қаңтар 2018

 

Өз кезегінде, Бас Прокурор алға қойылған міндеттер мен бағыттарды атап өтті. Елдегі криминогендік ахуал жақсарған. Қылмыстық құқықбұзушылықтың саны 12 пайызға, оның ішінде жеке басқа қарсы 20 пайызға және меншікке қарсы 11 пайызға төмендеген.

Алайда, қылмыстық істердің төрттен бірі ақталу негіздемесімен қысқартылып отыр. Яғни, көптеген азаматтар қылмыстық процеске негізсіз тартылған. Осыған орай, Қайрат Қожамжаров прокурорлардан сотқа дейінгі процестің барлық кезеңдерінде қадағалауды күшейтуді тапсырды.

«Азаматтардың құқықтары мен мүдделеріне қатысты бірде бір тергеу әрекеті прокурорлық қадағалаудың назарынан тыс қалмауы тиіс. Прокурор жұмысының негізгі көрсеткіші азаматтардың конституциялық құқықтарының қорғалуы болмақ», – деп атап өтті ведомство басшысы.

Сонымен қатар, сотта мемлекеттік айыптауды сапалы іске асыру және істің мән жайын жан-жақты зерттеуді қолға алу қажеттігі айтылды. Бас Прокурор пробация саласындағы аумақтық прокурорлардың жұмысын сынады.

«Пробациялық бақылауда тұрған сотталғандар арасында қылмыстың қайталануы 4 есе өскен ( 248-ден 938-ге дейін). Бірақ осы бағытта нақты шаралар жасалмаған», – деді ол.

Сотталғандар санының азаюына қарамастан, жыл сайын олардың өтініштерінің саны 26 пайызға өсіп келеді. Бұның барлығы қылмыстық атқару жүйесіндегі тереңдеп кеткен проблемалар мен жемқорлықтың жоғары деңгейіне байланысты болып тұр.

Мемлекет басшысының тапсырмасынан туындайтын тағы бір басымды бағыт – қылмыстық процесті одан әрі цифрлау болып табылады. Сондықтан қылмыстық сот өндірісін электрондық форматқа кезең-кезеңмен көшіру жалғастырылады. Сондай-ақ, Қайрат Қожамжаров қылмыскерлерді және ұрланған активтерді шетелден қайтару мәселелеріндегі халықаралық серіктестікті күшейтудің маңызын атап өтті.

Бас прокурор елдің барлық құқық қорғау жүйесіндегі кадрларды оқыту және қайта даярлаудағы Құқық қорғау органдары академиясының әлеуетін одан әрі дамыту, сондай-ақ, прокуратура органдары қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттыру қажеттігіне назар аударды.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!