Кәсіпкер әйелдер бизнестегі мүмкіндіктерді талқылады

16:28, 5 наурыз 2020

Нұр-Сұлтанда «Әйелдердің бизнестегі мүмкіндіктері» деген тақырыпта конференция өтті. Іс-шараға елуден аса кәсіпкер әйел, білім мен бизнеске жетекшілік ететін мемлекеттік мекеменің топ-менеджерлері жиналды.

Кездесуге Қарағанды облысы бойынша «Атамекен» ІӘК-нің орынбасары, Өндіріс және басқарудың заманауи технологиясы қауымдастығының вице-президенті Жұпар Базарова, «Мамандандырылған Ақпараттық технологиялардың мектеп-лицей-интернаты» КММ-нің директоры Маргарита Нұрмағанбетова, «Жанұя» жас аналарға қолдау көрсету бойынша жобаның өкілдері де қатысты.

Жиында «Халықаралық консалтинг бюросының» директоры
Әлия Әділбаева тыңдаушыларға бизнесті жүргізудің заңдық аспектілері туралы, оның ішінде заңды тұлғаны қалай тіркеу керектігі, салықты қалай төлейтіндігі жөнінде айтып берді.

«Бүгін біз өз кәсібін дамытқысы келетін, қызықты спикерлерден көптеген пайдалы ақпараттарды алғысы келетін әйелдерге осындай бірегей мүмкіндіктерді ұсынамыз. TED-talk форматындағы кездесуді 8 наурыз қарсаңында ұйымдастырды», – дейді «Халықаралық консалтинг бюросының» директоры Әлия Әділбаева.

Мемлекеттік саясат шебері Айнұр Байқадамова орта және шағын бизнесті дамытуға бағытталған мемлекеттік қолдау көрсетудің іс-шаралар кешені бар екенін айтты. Оның айтуынша, көмек көрсетудің негізгі түрлері ұлттық даму институты арқылы гранттық қаржыландыруды ұсыну, әкімшіліктер, екінші деңгейлі банктер арқылы шағын несиелендіру, Еуропалық қайта құру және даму банкінің бағдарламасы арқылы бизнес шығындарының бір бөлігінің орнын толтыру және субсидиялау болып табылады. Қазақстан кәсіпкерлеріне көмек көрсету мәселесін «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» Нұр-Сұлтан қаласы бойынша аймақтық филиал директорының орынбасары  Гүлнәр Әлмұханова жалғастырды.

«Мұндай кездесулер аса маңызды. Кәсіпкерлер ақпаратпен сарафандық радиодан танысқан кезде ол ақпарат бұрмаланады. Осы жерде алғаш естіген ақпарат басқаша қабылданады. Біз кәсіпкерлерді «Даму» қоры филиалының кәсіпкерлерге қолдау көрсету жөніндегі орталықтарға кеңес алуға, бизнес-жоспарды әзірлеу үшін шақырамыз», деді ол.

Модель, жеңіл атлетика және жүзу бойынша Қазақстан параолимпиада құрамасының қатысушысы Әйгерім  Аяпбергенова құлағының мүкістігіне қарамастан, жетістікке қалай жеткендігі жөнінде айтып берді.

«Мен осы іс-шараға қатысқаныма қуаныштымын. Әйелдер үшін қазір кәсібін, мансабын дамытуға және өз жоспарларын іске асыруға барлық жағдай жасалған сияқты. Өздеріңізге сеніп, алға жетістікке қарай жүре беріңіздер», – деді Әйгерім.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!