Кеңес Рақышев шығынға ұшыраған Fincraft Group-тағы қызметінен кетті

11:08, 5 желтоқсан 2019

Алматы. 05 желтоқсан. 7kun.kz — Fincraft Group холдингінің иесі Кеңес Рақышев басқарма төрағасы қызметінен кетті.

Компания жариялаған құжатқа сәйкес, 2019 жылдың 29 қарашасында Ракишев 2 желтоқсаннан бастап өз өкілеттіктерін тоқтату туралы шешім қабылдады.

Бұдан басқа, Fincraft Group иесі бұл лауазымға Павел Мыңжановты, ал оның орынбасары қызметіне Бектас Мұқажановты тағайындады.

Бұған дейін компания 2019 жылдың І жартыжылдығында 2,9 млрд теңгеге таза шығынға ұшырағаны хабарланды.

Айта кетейік, Fincraft Group холдинг қызметімен айналысады және БТА Банкінің дауыс беретін акцияларының 29%-ын иеленеді.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!