«ҚазМұнайГаз» IPO: акцияның бағасы белгілі болды

Астана. 8 қараша. 7kun.kz – 9 қарашада «ҚазМұнайГаз» халықтық IPO-ға қатысуға институционалдық инвесторлардан өтінімдерді қабылдау басталады, ал 2 желтоқсанда бөлшек инвесторлардан (халықтан) өтінімдерді қабылдау аяқталады, деп хабарлайды 7kun.kz.
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы өзінің алғашқы жария ұсынысын жүзеге асыру шеңберінде «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының, Қазақстанның ұлттық мұнай-газ компаниясының өзіне тиесілі 551 698 745 акциядан(IPO) 30 505 974 жай акциясын сатады.
«Ұсыныс шеңберінде 90,42% Акцияларға иелік ететін Қор инвесторлардың кең ауқымына (Қазақстан азаматтары үшін басымдықпен) 30 505 974 Акцияға дейін сатып алуды ұсынуға ниетті, бұл барлық Акциялардың жалпы санының шамамен 5%-ын құрайды. Қалған акциялар қазіргі уақытта Қазақстан Ұлттық Банкіне тиесілі», – деді «Самұрық-Қазына» Басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев.
Осылайша IPO-ның нәтижелері бойынша Қор кем дегенде 85% Акцияларға иелік етуді жалғастырады.
Бір Акцияның бағасы 8 406 теңгені құрайды.
Инвесторлардың өтінімдерін қабылдау 9 қарашада басталып, институционалдық инвесторлар үшін 30 қарашада, ал бөлшек инвесторлар үшін (халық) 2 желтоқсанда аяқталады.
«Компания елдегі мұнай мен газ конденсатын өндіруде 25% , тасымалдауда 56% және мұнай өңдеуде 82%-ды қамтиды. Біздің шоғырландырылған активтеріміз 15 триллион теңгеден асты. Биыл ҚМГ-ның құрылғанына 20 жыл. Қазірдің өзінде компания корпоративтік басқару мен ашықтықтың ең жоғары стандарттарына сәйкеседі, өзінің еурооблигацияларының шығарылымдары арқылы халықаралық және қазақстандық бағалы қағаздар нарықтарында кеңінен танымал», – деді «ҚазМұнайГаз» Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев.
Айта кетейік, Қор AIX және KASE қағидалары мен ережелеріне сәйкес қазақстандық және халықаралық бөлшек және институционалдық инвесторларға AIX қазақстандық алаңдарында және Қазақстандық қор биржасында акциялар ұсынуға ниетті.
Источник: 7kun.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:20, 19 сәуір 2025
Қазақстанда 19 сәуірде доллар қаншадан саудаланып жатыр
-
15:58, 18 сәуір 2025
Аптаның соңына қарай саудада доллар бағамы аздап төмендеді
-
11:19, 18 сәуір 2025
Астана және Алматы айырбастау пункттеріндегі 18 сәуірдегі валюта бағамы
-
15:55, 17 сәуір 2025
17 сәуірдегі саудада доллар бұрынғыдан да қымбаттады
-
15:11, 17 сәуір 2025
Ақша айырбастау пункттерінде ескі үлгідегі долларға қатысты қиындық туындады