Қазақстанның тауар айналымы 4%-ға азайды

16:30, 12 маусым 2019

Алматы. 12 маусым. 7kun.kz – 2019 жылдың қаңтар-наурыз айларында Қазақстанның тауар айналымы 20,3 миллиард долларды құрады, оның ішінде экспорт – 13,3 миллиард долларды, ал импорт – 7 миллиард долларды құрады, — деп хабарлады ҚР ҰЭМ Статистика комитеті.

Өткен жылдың ұқсас кезеңінде тауар айналымы 21,1 долларды құрады. Сондай-ақ, экспорт көрсеткіштері 2018 жылдың бірінші тоқсанында 13,9 млрд доллардан ағымдағы жылдың осындай кезеңінде 13,3 млрд долларға дейін азайды. Импорт сомасы 7,2 млрд доллардан 7 млрд долларға дейін қысқарды.

Тауар айналымының басым бөлігі Еуропа елдеріне тиесілі – 7,8 млрд доллар, одан кейін Азия – 6,1 доллар. ТМД елдерімен сауда көлемі 5,7 млрд долларды құраса, оның ішінде экспорт 2,3 млрд доллар, импорт – 3,3 млрд доллардв құрады. Барлығына қарағанда, Қазақстан Австралия мен Океаниямен аз сауда жасайды: тауар айналымының сомасы 12,3 млн долларды құрады.

Импорттық тауарлардың жартысына жуығы Қазақстан көршілес елдерден сатып алады: импорттық тауарлардың 47,8%-ы ТМД елдерінен, оның 41,4% -ы Ресейден жеткізіледі, әкелінетін тауарлардың сомасы 2,9 млрд долларды құрады.

Сондай-ақ, Азиядан импортталатын өнімдердің де үлесі жоғары –
25,9%. Қытайдан импорт көлемі 1,1 млрд долларды, Корея Республикасынан – 147 млн долларды құрады. Еуропа аймағының көшбасшысы Италия болып табылады: 3 айда импортталатын тауарлар сомасы 230 млн долларды құрады. Қазақстан нарығына тауарлардың ірі жеткізушісі АҚШ болып қалады, импорт сомасы 327 млн долларды құрады.

Импорттың негізгі өнімдері: машиналар, электротехникалық жабдықтар, химия өнеркәсібінің өнімдері, көлік, алкогольді және алкогольсіз сусындар, темекі, тоқыма материалдары мен бұйымдары, пластмассалар мен резеңке болып табылады.

Экспорттың үлкен үлесі Еуропа елдеріне тиесілі және 6,5 млрд долларды құрайды, бұл барлық экспортталатын өнімдердің үлес салмағының 48,6%-ын құрайды. Бұл топта Италия тағы да көшбасшы болып табылады: экспортталатын өнімдердің сомасы $2,2 млрд долларды құрады.

Азия елдері арасында Қазақстаннан экспортталатын тауарлардың басым бөлігі Қытайға жөнентіледі, елден шығарылатын тауарлар сомасы 1,8 млрд долларды құрады. Қазақстан шикізатының негізгі сатып алушылары: Ресей (1,6 млрд доллар), Корея (1 млрд доллар), Швейцария (857 млн доллар) және Испания (789 млн доллар).

Негізгі экспортталатын тауарлар минералдық өнімдер, өсімдік өнімдері, химия өнеркәсібінің өнімдері, қопсытылған інжу, асыл және жартылай асыл тастар, жануарлардан алынатын өнімдер, жануарлар мен өсімдік майлары болып табылады.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!