Қазақстанның машина жасау саласы 31,5 млрд теңгенің өнімін шығарды

12:09, 21 қыркүйек 2017

«Қазмедиа орталығында» Машина жасаушылардың бесінші форумы өтіп жатыр. Жиында саладағы жетістіктер айтылып, алдағы жоспарлар пысықталуда.

Достық Талғатұлы, тілші:

Өткен 8 айдың қорытындысы бойынша Қазақстанда 10 мың автомобиль құрастырылды. Елдегі халық санын ескерсек, бұл өте жақсы көрсеткіш. Жалпы алғанда машина жасау саласы 31,5 млрд теңгенің өнімін шығарды. Қосалқы бөлшектер мен жабдықтардан түскен қаржы көлемі де ұлғайып келеді. Кеше өз жұмысын бастаған форум бүгін қызу талқылаулармен жалғасын тауып отыр. Басты мақсат – заман талабына сай жоғары технологиялық машина жасау саласын дамыту. Жиырмаға жуық елден келген 600-ден астам делегат саладағы түйткілдерді де тілге тиек етті. 

Мейрам Пішембаев, «Қазақстан машина жасаушылар одағы» ЗТБ басқарма төрағасы: 

Көлік құрастыру саласы мамандарының басын қосқан жиында бірнеше секция бойынша тақырыптар талқыға түсіп жатыр. Атап айтсақ, мұнай-газ, тау-кен, ауылшаруашылық техникасы, теміржол, электротехника және автомобиль, қорғаныс саласындағы машина жасау, өндірістік көлік, электронды-оптикалық машина жасау секілді салалар бойынша пікір алмасулар болып жатыр. Елімізде мемлекеттік бағдарлама аясында 260 млрд теңге машина жасау саласына бөлініп, әлемдегі жетекші компаниялардың көмегімен 100 жоба жүзеге асты. Бұрын-соңды елімізде құрастырылмаған техника түрлері пайда болды. Мысалы, локомотив, электровоз, жолаушылар және жүк вагондарын құрастыратын зауыттар салынды.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!