Қазақстанның қай өңірінде етті көп тұтынады

16:47, 7 қазан 2019

Жан басына шаққандағы ет және ет өнімдерінің көп бөлігін Қарағанды облысының тұрғындары(22,8 кг) жейді. Екінші орында — Алматы (22,5 кг), үшінші орында — Атырау облысы (22,4 кг).

Бір адамнан тұратын үй шаруашылықтарында орташа жан басына шаққанда ет пен ет өнімдерін тұтыну 35,9 кг құрады. Белгілі болғандай, үй шаруашылығында адамдар неғұрлым көп болса, ет және ет өнімдерін тұтыну соғұрлым төмен болады. Екі адамнан тұратын үй шаруашылығы әр адамға орта есеппен 27 кг, үшеуден — 21,6 кг, төртеуден — 17,5 кг, бес және одан көп адамнан —әр адамға орташа жан басына шаққанда 14,6 кг ғана ет пен ет өнімдерін жеген .

Қазақстандықтар арасында сиыр еті танымал. 2019 жылдың екінші тоқсанында әрбір қазақстандық орта есеппен 5,6 кг сиыр етін тұтынған, екінші орынды етті фарш (2,2 кг) иеленеді, үшінші орында — қой еті (1,7 кг).

Бір жыл ішінде ет бағасы айтарлықтай өсті. Тауық еті (аяғы) 19,3% -ға қымбаттап, 2019 жылдың қыркүйек айының соңында кг үшін 822,6 теңгені құрады. Тауық еті 18,6%-ға, кг үшін 897,9 теңгеге дейін, қой еті 16,8% -ға 1676 теңгеге дейін қымбаттады. Сиыр еті 15,1% -ға, кг үшін 1748 теңгеге дейін өсті.

Бірақ биыл бағаның өсуіне қарамастан, барлық үй шаруашылықтарының жан басына шаққандағыет және ет өнімдерін тұтынуы 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,5% -ға өсті. Өсім ауылдық жерлерде де (1,7% -ға) және қалалық жерлерде (2,9% -ға) байқалды .

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!