Қазақстанның алты жаңа елшілігі пайда болды

09:55, 19 шілде 2019

Алматы. 19 шілде. 7kun.kz — Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлықтарымен бірқатар Еуропа елдеріндегі ҚР-ның консулдықтары мен дипломатиялық өкілдіктері қайта құрылды және елшіліктерге айналды. Бұл туралы Мемлекет басшысының ресми сайты хабарлады.

ҚР Президентінің 2019 жылғы 18 шілдедегі Жарлығымен Қазақстан Республикасының Елшілігі болып қайта құрылды:

  • Таллинн қаласындағы Консулдығы (Эстония Республикасы);
  • Софиядағы дипмиссия (Болгария Республикасы);
  • Ригадағы дипмиссия (Латвия Республикасы);
  • Лиссабондағы дипмиссия (португал Республикасы);
  • Братиславадағы дипмиссия (Словакия Республикасы);
  • Белградтағы дипмиссия (Сербия Республикасы).

Айта кетейік, елшілік мәртебесі консулдықтан немесе дипломатиялық миссиядан жоғары. Vizamira.ru сайтының хабарлауынша, елшілік елордада орналасуы керек. Ол мемлекеттік мәселелерді, ал консулдық – азаматтық мәселелерді шешеді. Елшілік тек біреу ғана болуы мүмкін, ал консулдықтың саны шектелмеген.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!