Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері белгілі болды

11:08, 18 сәуір 2022

2022 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері – 105 344 теңгені құрады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

1 наурыздағы жағдай бойынша қазақстандықтарға 704,9 млрд теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді.

«2022 жылғы наурызда республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 234,8 млрд теңгеден астам, оның ішінде базалық зейнетақыны төлеуге – 71,4 млрд теңге, ынтымақты зейнетақыны төлеуге – 163,4 млрд теңге бөлінді», – делінген министрлік хабарламасында.

Министрліктің хабарлауынша, 2022 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша Қазақстанда 2 млн 245,6 мыңнан астам зейнеткер бар. Осы аралықтағы жағдай бойынша зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (базалық зейнетақы төлемін ескере отырып) 105 344 теңгені құрады.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!