Қазақстанда жаңа асфальт-бетон зауыты іске қосылады

18:01, 17 шілде 2019

Алматы. 17 шілде. 7kun.kz – Түркістан облысында шілде айының соңына дейін 98 млн теңгенің асфальт-бетон зауыты іске қосылады деп жоспарлануда.

Өңірлік кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасынан хабарлағандай, жоба аяқталу сатысында.

«Оның құны 98 млн теңгеге бағаланып отыр. Кәсіпорынның қуаты сағатына 60 тонна. Зауыт шілде айында толық қуаттылыққа шығады», — деп қосты ведомствода.

Басқарманың ақпаратына сәйкес, дайын өнім тек қазақстандық нарықта сатылатын болады.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!