Қазақстанда шағымдану ақылы болмақ

16:54, 14 тамыз 2019

Алматы. 14 тамыз. 7kun.kz — Мемлекеттік сатып алу процедураларына қатысты шағымдарды ақылы ету жоспарлануда, ал жиналған қаражат бюджетке аударылады, деп хабарлады ҚР Қаржы вице-министрі Руслан Бекетаев.

«2019 жылдың 7 айында 17 мыңға жуық шағым келіп түсті, бұл функционал енгізілгенге дейін 2 мыңға жуық шағым. Бұл өсім кәсіби шағымданушылардың пайда болуымен байланысты, олар үшін шағым жасау заңсыз пайда алу және мемлекеттік сатып алудың бұзу құралы болды. Осы мәселені шешу үшін қаржы министрлігі мемлекеттік сатып алу туралы заңға шағымдарды ақылы ету бойынша түзетулер енгізуге бастамашылық жасады», – деді Руслан Бекетаев.

Оның айтуынша, мемлекеттік сатып алу нәтижелеріне электрондық шағым беру мүмкіндігі енгізілгеннен кейін шағым берушілердің саны күрт өсті. Яғни енді мемлекеттік сатып алуға шағым беріп, оның мәртебесін үйден шықпай-ақ веб-портал арқылы көруге болады.

Вице-министр мемлекеттік сатып алу саласындағы шағымдар үшін ақы алу тәжірибесі Еуропа Одағы, Армения, Грузия және Украинада кеңінен қолданылатынын атап өтті.

Бұл ретте Қаржы министрлігінде шағым қанағаттандырылған жағдайда шағым берушіге төлемді қайтару ұсыналады.

«Әйтпесе төлем сомасы бюджетке аударылады. Осы жұмыстардың барлығы 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдалану қызметтерінің ақысын төлеу арқылы мүмкін болды және бүгінгі күні әлеуетті өнім берушілерден 3,6 млрд теңге түсті», – деді Бекетаев.

Осыған байланысты веб-портал операторы – Электрондық қаржы орталығы, жақын арада бірнеше бастаманы іске асыруды жоспарлап отыр. Әңгіме, атап айтқанда, порталдың колл-орталығының тәулік бойы жұмыс істеуін қамтамасыз ету, модератор институтын енгізу туралы болып отыр.

«Әрбір сатып алуды модератор тексереді және техникалық қателер деңгейі төмендейді. Сондай-ақ, порталда SMS хабарлама жүйесін енгізу, тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің бірыңғай республикалық анықтамалығын құру жоспарланған», — деді вице-министр.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!