Қазақстанда маусымдық көкөністер арзандады

12:11, 31 шілде 2018

Алматы. 31 шілде. 7kun.kz – Қазақстанда маусымдық көкөністердің бағасы едәуір арзандады, деп хабарлайды energyprom.kz.

Маусымдық көкөністер арзандай түсуде. Қызанақтар мен қиярлардың бағасы айына 27-28% төмендеген.

Өткен аймен салыстырғанда шілдеде жаңа піскен қияр бағасы 28%, қызанақ – 26,5%, орамжапырақ – 22%, картоп – 14,4%, сарымсақ – 10,7% арзандаған. Бірақ, басқа көкөністердің құны көтерілген. Атап айтқанда, қызылша (+11,6%) мен сәбіз (+16%) қымбаттаған. Сарапшылар мұны көкөністердің жаңа өнімдерінің базарларда пайда болуымен түсіндіреді.

Шілдеде жемістердің ішінде банандар (минус 5,5%) және апельсиндер (минус 3,7%) бағасы арзандаған.

Ет бағасы туралы айтатын болсақ, тауық өнімдері арзандады – жұмыртқа бір айдың ішінде 2%, тауықтың сан еті және тауық тиісінше 0,3 және 0,1% төмендеген.

Дәнді дақылдардың бағасы өзгермеген, тек күріш 2,1% қымбаттаған.


Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!