Қазақстан шекарасында 430 жүк көлігі тұр — қырғызстандық БАҚ
Қырғызстандық БАҚ түскі сағат 12.00-дегі мәлімет бойынша Қазақстанмен шекарада 430 жүк көлігі тұрғанын хабарлады.
Кешегі күннен бері Қазақстаннан Қырғызстанға 274 көлік өткен. Қырғыз БАҚ-ның жазуынша қырғызстандық МҰҚК Шекара қызметі ешқандай шектеу енгізбеген, өткізу пункті күнделікті режимде жұмыс істеуде.
Қазақстанның ҰҚҚ де қазақ-қырғыз шекара учаскесі штаттық режимде жұмыс істеп тұрғанын хабарлады. ҰҚҚ мәліметінше қазір Шекара қызметі шекара аймағында, сонымен қатар шекаралық өткізу пункттерінде заңсыз іс-әрекетке қарсы іс-қимыл бойынша шаралар кешенін іске асырып жатыр.
«Сонымен бірге, қандай да бір шектеулер енгізілмеді. Өткізу пунктері, оның ішінде қазақ-қырғыз шекара учаскесі штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Тексеру уақытының регламент нормативтері қатаң сақталуда және автокөлік құралдарын өткізу деңгейі қазіргі маусымға тән күнделікті көрсеткіштер аясында» деп мәлім етті ведомстводан.
Бүгін сонымен қатар Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев та Қырғызстанмен арадағы шекарада жүк көліктерінің кептеліп тұруына қатысты пікір білдірді.
«Ол жерде кеден жоқ, себебі ол ЕАЭО-ның ішкі шекарасы саналады. Менің білуімше, онда есірткіні тәркілеу операциясы ұйымдастырылған. Сондықтан қазір шекара қызметі мен ҰҚК тыңғылықты тексеру жасап жатқан болар», — деді Е. Жамаубав.
Источник: 7kun.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:04, 8 қараша 2023
«Қазақстанды монеталар арқылы зертте!» атты көрме өтуде
-
20:55, 2 қараша 2023
Бюджет жобасын «даму бюджеті» емес, «қолдау бюджеті» деп атауға болады — Руслан Берденов
-
20:36, 2 қараша 2023
Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 95 жылдығына арналған гала-концерт өтті
-
20:30, 1 қараша 2023
«Bereke Bank» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы өзгерді
-
12:18, 31 қазан 2023
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне 95 жыл