Қазақстан Ипотекалық Компаниясы басшылығында өзгеріс болды

15:06, 18 наурыз 2019

Алматы. 18 наурыз. 7kun.kz – 2019 жылғы 13 наурызда «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ жалғыз акционерінің («Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның еншілес ұйымы) шешімі бойынша Директорлар кеңесінің мүшесі Яцека Бжезински өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.

Жаңа тәуелсіз директор және Директорлар кеңесінің мүшесі болып Елемесов Аскар Раушанұлы тағайындалды.

Елемесов Аскар Раушанұлы М.В. Ломоносов атындағы  Мәскеу мемлекеттік университетінің экономикалық факультетін және Сент-Луис қаласындағы Вашингтон университетін  «Іскери әкімшілендіру» бағыты бойынша тәмәмдаған.Әртүрлі жылдары басшы және жетекші қызметтерін атқарған, қаржылық қызметтер көрсету саласында  25 жыл  табысты жұмыс істеген.          

2004 -2006 жылдары арасында ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары қызметін атқарған. 2006 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы  Вице-министрі болды.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!