ҚазАгроҚаржы директорлар кеңесінің жаңа төрағасы сайланды

17:20, 24 мамыр 2019

Алматы. 24 мамыр. 7kun.kz — Данияр Жұмашов «ҚазАгроҚаржы» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болды, деп хабарлады Қазақстан қор биржасының сайтында.

Данияр Жұмашов Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің атынан 2019 жылғы 20 мамырда жалғыз акционердің шешімімен сайланды.

Соңғы өзгерістерге сәйкес, компанияның директорлар кеңесі бес адамнан тұрады: Ізбастин Қаныш, Орынбаев Ерлан, Қарнақова Назгүл, Жұмашов Данияр, Оразбаев Руслан.

Еске сала кетейік, «ҚазАгроҚаржы» АҚ «Ауыл шаруашылығының кейбір мәселелері туралы» ҚР Үкіметінің 1999 жылғы 24 қарашадағы № 1777 қаулысына сәйкес 1999 жылдың 28 желтоқсанында құрылған.

Қоғам — «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингінің еншілес компаниясы. Ұйымның басты миссиясы — сапалы және бәсекелі лизингтік қызметтер ұсыну арқылы елдегі ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын жаңартуға жәрдемдесу.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!