Kaspi қызметкерлері көпбалалы аналардың митингіне қатысты деген ақпарат жалған

20:33, 7 ақпан 2019

Алматы. 7 ақпан. 7kun.kz – WhatsApp-та тағы да жалған ақпарат тарауда. Бұл жолы көпбалалы аналар митингі өткені және оған Kaspi.kz өкілдері қатысқаны туралы. Kaspi.kz баспасөз қызметі осылай хабарлады. 

“Ақпараттың жалған екенін хабарлаймыз! Kaspi.kz қызметкерлері ешқандай кездесулерге қатысқан жоқ, ешқандай үндеумен клиенттерге хабарласқан жоқ. Kaspi.kz жалған ақпарат тарату фактсі бойынша полицияға шағым түсірді. Қазір құқық қорғау органдары тексеру жүрізуде”, деді баспасөз қызметінен. 

Еске саламыз, Қазақстанда жалған ақпаратты таратушыларға қылмыстық іс қарастырылған.

“2014 және 2018 жылдары жалған ақпарат таратқан алаяқтар ұсталып, жазаланды. Мұны адамдарға тағы да жалған ақпарат таратуға тырысқандардың есіне саламыз”, делінген банк таратқан ақпаратта.  

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!