Қарақұмық бағасы екі есеге өсті

15:43, 21 қараша 2019

Алматы.  21 қараша. 7kun.kz — Қазақстанда 2019 жылдың қараша айынан бастап әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары 0,7%-ға, жыл басынан бері 9,7%-ға қымбаттады.

Оның ішінде қарақұмық жармасы ай басынан 18,2%-ға, ал жыл басынан 62,9%-ға қымбаттады.

Бұл ретте Алматыда бұл өнімнің бағасы 2,2 есеге, Жезқазғанда 2 есеге, Қарағандыда – 1,9 есеге, Нұр-Сұлтан мен Ақтауда – 1,8 есеге, Шымкент пен Қостанайда – 1,7 есеге өсті.

Павлодарда қарақұмық 56,5%-ға, Өскеменде 51,7%-ға, Ақтөбеде 51,2%-ға, Көкшетауда 49,7%-ға, Атырауда 46,3%-ға қымбаттады.

Семейде бұл жарма бағасының өсуі 43%-ды, Таразда – 38,4%-ды, Петропавлда – 36,8%-ды, Түркістанда – 35,6%ды, Оралда – 33,3%-ды, Қызылордада – 29,8%-ды, Талдықорғанда – 23,4%-ды құрады.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!