Игерілмей жатқан жерлер үшін 10 есе артық салық салынады

11:17, 19 қаңтар 2017

Егістік жерлерін бос қалдырған алматылық жер иелері 10 есе артық салық төлеуі қажет болады. Қалалық мәслихаттың депутаттары осындай шешім қабылдады деп хабарлайды «Алматы» арнасы. 

«Алматы бойынша бір шаршы метр үшін базалық мөлшерлеме 28,95 теңге, ал бір гектар үшін салық жылына 289 мың 500 теңгені құрайды. Ал біз бос жатқан жерлер үшін салық көлемін 10 есе көтерсек, бір гектар жердің иесі 2 млн 895 мың теңге төлеуі қажет болады», — дейді Алматы қаласындағы жер қатынастары басқармасының жетекшісі Алтынбек Ахметов.

Бүгінде қаладағы 360-тан астам кәсіпкер жер телімдерін тиісті мақсатында пайдаланбайды, нәтижесінде мың гектарға жуық жер бос жатыр. Салық мөлшерінің ұлғаюы ол аумақтардың «қор» ретінде бос жатуының алдын алуы қажет. Осы арқылы олар егін егеді немесе пайдаланбайтын жерден бас тартуы керек дейді депутаттар.

Дереккөз: 7kun.kz

 

 


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!