Халық банктің бөлімшесінде зейнеткерге қызмет көрсетпей қуып шыққан

16:47, 14 тамыз 2019

Алматы. 14 тамыз. 7kun.kz — Алматылық Анна Дмитриевич Facebook-та Халық банк бөлімшесіндегі сұмдық жағдай туралы айтып, шағымданды. Оның жазуынша қарт әкесін банк бөлімшесінен «бізде тек олигархтарға ғана қызмет көрсетеміз», деп қуып шыққан.

«Маған бүгін зейнеткер әкем қоңырау шалып, көз жасын әрең тиып, ақша сұрады. Оған тән нәрсе емес. Өйткені оның тұрақты ақшасы бар, табысы да, зейнетақысы да жаман емес. Қазір жұмыста бір жағдай болып, зейнетақыысы ғана қалды. Оны мен смс арқылы көріп отырамын, картасы менің телефоныма байланған. Ақшасын шешіп алмайды, жиналып жатыр. Мен не үшін жинақтан алмайсың десем, Әуезов 175 бөлімшесінде оған майда-шүйде үшін келмеуді сұраған. Өйткені ол жерде тек олигархтарға ғана қызмет көрсетеді екен», деп жазды ол.

Әкесінің айтуынша оған «Kaspi-ге бар өйткені ол кедейлердің банкі, сол жаққа бар», депті. Картасын банк қызметкері алып, көз алдында кесіп тастаған. Енді қарт кісі басқа банктерге баруға өзін қорлайды ма деп қорқып отыр екен.

«Менің әкем семсерлесуден халықаралық дәрежелдегі спорт шебері, КСРО чемпионы, жаттықтырушы. Ол бай емес, бірақ өз еңбегімен өмір сұріп жүр. Менен ештеме алмайды. Маған ылғи балаларың бар, өзіме жетеді дейді. Ал бұл жолы шыдамай кеткен»,- деп жазды А.Дмитриевич.

Ал Халық банктің әлеуметтік желідегі ресми аккаунты болса бұл жағдайды тексергенін жазды.

«30 шілде күні 14.16-да клиент келіп, өзіне қажетті қызметті толық, сапалы түрде алған. 12 тамыз күні Банк бөлімшесінде клиенттің туысқанымен кездесу өткізіп, тексеру қорытындысы көрсетілген. Сондай-ақ, туысының көз алдында клиентпен сөйлестік, ол қызмет көрсету сапасы бойынша ешқандай шағымы жоғын жеткізді», деп жазды банктің онлайн менеджері.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!